Атырау, 5 желтоқсан 07:25
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Атырау» футбол клубына айыппұл салынды

788 рет қаралды

Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіп және этика комитеті 2025 жылы футболдан Қазақстан чемпионатының 4-туры аясындағы «Атырау» және «Қайрат» командалары арасындағы матчта болған оқиғаға қатысты жиын өткізді.

Қарау қорытындысы бойынша келесі шешім қабылданды:

«Атырау» ФК-ға матч кезінде трибунада пиротехникалық құралдарды – шамдарды жағу арқылы көрсеткен жанкүйерлердің орынсыз әрекеттері үшін 75 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде (294 900 теңге) айыппұл салынды.

Жазаға ҚФФ тәртіптік жарғысының 64-бабының 1-тармағы негіз болды.

Комитет шешімі бойынша клуб айыппұлды 2025 жылдың 15 мамырынан кешіктірмей төлеуге міндетті.

23 сәуір, 20:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.