
Мұнайшылардың 48 жастағы бапкері қатарынан бесінші жеңіліс тапқаннан кейін өз еркімен қызметінен кеткені белгілі.
Ол бұған дейін «Қайрат-Жастар», «Жетісу», «Шахтер», «Мақтаарал», «Атырау» және «Каспий» командаларында бас жаттықтырушы болған. Сонымен қатар, «Қазақстан U21» ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы.
Айта кету керек, клуб ішінде бірқатар келеңсіз жағдайлар орын алды. Әуелі футболшылар әлеуметтік желіге үш ай бойы жалақыларын бермегені туралы мәлімдеме жасаса, кейін клубтың жаңадан тағайындалған менеджері Дидар Садықбек өз еркімен қызметінен кететінін мәлімдеді.
«...Бұдан былай мені күтпеген жерге бармаймын», - деп жазды ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасында. «АЖ» бұл шешімнің себебін анықтауға тырысты, бірақ менеджер сұхбат беруден бас тартты. Сәл кейінірек ФК баспасөз қызметі менеджердің өз міндеттерін бұрынғыша орындап жатқанын хабарлады.
Айтпақшы, редакцияның құзырында футбол клубы әкімшілігінің бір айдағы нақты жалақысы көрсетілген құжат бар:
Осылайша, команда басшысы қаңтар айында 1 миллион 200 мың теңге, ал ақпан айынан бастап 2 миллион 400 мың теңгеге дейін алған.
Бас бапкер – 3 миллионнан 5 миллион теңгеге дейін.
Бапкердің көмекшісі – 1 миллион 800 мыңнан 5 миллион теңгеге дейін.
Фитнес жаттықтырушысы – 1 млн 500 мыңнан 2 млн 300 мың теңгеге дейін.
Қақпашылардың жаттықтырушысы – 1 миллион 500 мыңнан 3 миллион 300 мың теңгеге дейін.
Физиотерапевт – 500-ден 900 мың теңгеге дейін.
Команда әкімшісі – қаңтарда 600 мыңнан ақпанда 1 миллион 200 мың теңгеге дейін.
Бейнеоператор – 600 мыңнан 1 млн 200 мың теңгеге дейін.
Бас есепші – 500-ден 900 мың теңгеге дейін.
Бас менеджер – 1 млн 100 мыңнан 3 млн теңгеге дейін (лимит 2 млн).
Бұл ретте балалар-жасөспірімдер құрамасы бапкерлері мен мамандарының жалақысы небәрі 100 мың теңгеге көбейтілген. Екінші лига ойыншылары 150 мың теңгенің айналасында ақша алуды жалғастыруда.
Сондай-ақ, клуб легионерлерге бюджеттен қаржыландыруға тыйым салынғанына қарамастан,жыл басынан бері сегіз шетелдік ойыншымен келісімшарттарға отырған. Олардың нақты жалақысы 3 млн теңгеден асады. Ал штаттық кестеде 200 мың теңге ғана көрсетілген.
2025 жылы клуб басшылығы 25 миллион және 73 миллион теңгеге екі несиелік келісім жасасқаны белгілі. Бірінші несие басқарушылардың (оның ішінде Дидар Садықбектің) есепшоттарына қайтарылған. Ал екінші қарыз спорттық құрал-жабдықтарды бір көзден сатып алуға жұмсалған. Бұл мәміле бойынша қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау +4