Атырау, 21 мамыр 10:10
 ашықВ Атырау +22
$ 511.59
€ 575.28
₽ 6.33

«Атырау» капитаны «Қайраттан» жеңілген соң жанкүйермен жанжалдасып қалды

Бейнежазба
842 просмотра

Қазақстан Премьер-лигасының 4-туры аясындағы «Қайрат» – «Атырау» (0:4) матчынан кейінгі эмоциялар бақылаудан шығып кетті.

Жанкүйерлердің бірі  ойыншыларға ашық түрде қоқан-лоққы көрсетіп, Атырауға «жеке сөйлесуге» баратынын мәлімдеді.

Оқиға финалдық ысқырық естілісімен-ақ орын алған — жанкүйер трибунадан «Атырау» ойыншыларына тіл тигізіп айқайлаған. Бұл команда капитаны Ринат Жұматов пен оның арасында қызу сөзталасқа ұласқан.

Бұл оқиға видеоға түсіріліп, әлеуметтік желілерге тез тарап, қызу талқыға түсті.

Видеодан жанкүйердің эмоциямен наразылық білдіріп айғайлап жатқанын, ал Жұматовтың қарсы эмоциясын ұстамағанын көруге болады. Жанкүйер Атырауға барып, «жеке сөйлесемін» дейді.

«Атырау» ФК, Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) немесе полицияның ресми ұстанымы әзірге жарияланбады.Командаға сес көрсеткен жанкүйердің кім екені де белгісіз.

Еске сала кетейік, 16 сәуірде Алматыда өткен матчта «Қайрат» қарсыласын 4:0 есебімен жеңді. 49 секундта-ақ Қазақстан құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев есеп ашса, алматылықтар ойын барысында тағы үш гол соқты.


17 сәуір, 18:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.