Атырау, 24 сәуір 17:20
 ашықВ Атырау +14
$ 518.34
€ 591.06
₽ 6.27

Атыраулық көркем гимнастика шеберлері ел чемпионатында топ жарды

316 просмотра

8–14 сәуір аралығында Астана қаласында көркем гимнастикадан “Спорт шеберіне үміткер” және “І дәрежелі” спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 500-ден астам гимнаст қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша Атырау қаласындағы №5 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары жеңімпаз атанды.

Команда құрамында Алпамысқызы Анель, Кокорева Екатерина, Гарифуллаева Айлин, Қыдыр Інжу және Нұраш Әдемі сынды гимнасшылар өнер көрсетті.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

15 сәуір, 11:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.