Атырау, 23 сәуір 23:59
 бұлттыВ Атырау +23
$ 518.07
€ 595.21
₽ 6.37

Атыраудағы төрт спорт мекемесінде директорлар ауысты

509 просмотра
Сурет: 2gis.kz 

«Бокстан облыстық мамандандырылған спорттық клубы» КМҚК, «Мүгедектердің спорттық клубы», «№1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ және «Олимпиадалық резервтегі облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ-де басшылық ауысты.

Ауысу тәртібімен «Бокстан облыстық мамандандырылған спорттық клубы» КМҚК директоры қызметіне Руслан Шарипов тағайындалды. 

Ол 1981 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 2000-2004 жылдар аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Дене тәрбиесі мұғалімі және жаттықтырушы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Руслан Шарипов – бокстан Қазақстан Республикасының спорт шебері. 2011-2017 жылдары №1 Олимпиадалық резервке мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде аға жаттықтырушы болып еңбек етті. Сонымен қатар, бірнеше жыл бойы Атырау облыстық таеквондо федерациясының президенті қызметін атқарған. 2018 жылдан бері «№1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры болды.

Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Тұрарұлы «Мүгедектердің спорттық клубы» ұжымына жаңа басшы – Пазылғалиев Есенкелді Серікқалиұлын таныстырды.

Есенкелді Пазылғалиев 1976 жылы Атырау облысы, Исатай ауданында дүниеге келген. Ол 1993-1997 жылдары Алматы қаласындағы Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институтында «Дене тәрбиесі мұғалімі және жаттықтырушы» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1997 жылы Аққыстау орта мектебінде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. Кейінгі жылдары әртүрлі спорт мектептерінде басшылық қызметтер атқарды. Соңғы бес жылда «Мүгедектердің спорттық клубы» директорының орынбасары қызметінде болды.

«№1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директоры болып ауыстыру тәртібімен Богачкин Николай Николаевич тағайындалды.

Николай Богачкин 1981 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Байдарка және каноеда ескек есу спортынан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

2013 жылдан бастап ескек есу спортынан Атырау облысының аға жаттықтырушысы. 2015 жылдан бүгінгі күнге дейін Атырау облысының ескек есу спорты федерациясы» қоғамдық бірлестігінің директоры қызметін атқарып келеді. 2023 жылдан бүгінгі күнге дейін «№1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары.

Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының «Олимпиадалық резервтегі облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ директоры болып ауыстыру тәртібімен Қыздарбаев Аманбай Қыздарбайұлы тағайындалды.

Аманбай Қыздарбаев 1972 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданында дүниеге келген. 1990-1994 жылдар аралығында Павлодар педагогикалық институтын «Дене тәрбиесі мұғалімі және жаттықтырушы» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1990-2000 жылдары спорт мектебінде спортшы-нұсқаушы, 2001-2008 жылдары дзюдодан жаттықтырушы болып бастаған.

2008-2013 жылдары №1 Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, 2013-2015 жылдары №4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, 2015-2018 жылдары Жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры, 2018 жылдан бүгінгі күнге дейін «Мүгедектердің спорттық клубының» директоры болып қызмет атқарды.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

9 сәуір, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.