
Қазақстан Премьер-лигасының кезекті туры мұнайшылардың жеңілісімен аяқталды.
Біздің команда алматылық «Қайраттың» төрт голын өткізіп алып, Чунчуковтың арқасында бір ғана голмен жауап берді. Бірақ бұл эпизод формалды күйде қалды.
Матч атыраулық жанкүйерлердің көңілін қалдырды. Қорғаныс ыдырап, шабуыл әлсіз көрінді, қарсылық мүлде болмады. Жанкүйерлер әлеуметтік желілерде команданың күресуге ынтасыз шыққанын айтып, реніштерін білдіріп жатыр.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА