
Дарья Чеснокова Алматыда өткен Жастар Ойындарында жүзуден Атырау үшін кезекті алтын алқаны жеңіп алды.
Атырау облысы жүзу федерациясының жетекшісі, 1 категориялы аға жаттықтырушы-оқытушы Иван ГАЛКИННІҢ айтуынша, жарыста Дарья 18 өңірден келген жүздеген қатысушылар арасында алтын алқаға ие болды.
Ол 50 метрлік арқамен жүзу қашықтығында жеңіске жеткен. Сонымен қатар, Дарья 100 метрлік арқамен жүзуден қола алқа алған.
Айта кету керек, Дарья Қазақстан чемпионы деген құрметті мәртебеге ие, ал жүзуден спорт шебері атағын 15 жасында алған.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА