Ертіс өзенінде теплоход сүйретпе жүк кемесімен соқтығысуы салдарынан жараланған Қазақстан азаматшасы ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды 24.kz сайты.
Қайғылы оқиға Омбы қаласының маңында болған. Дәрігерлер тағы бір отандасымыз бен басқа жарақат алғандардың өмірі үшін күресуде. Тергеу ісі бұл апат капитанның кеме қозғалысы ережесін өрескел бұзуынан болды деген қорытынды шығарды. Медициналық тексеріс нәтижесінде оның қан құрамынан ішімдік табылды. Соңғы мәліметтер бойынша кеме апатынан 6 адам қаза тапқан. Жараланған адам саны – 47. Теплоходта 52 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі болған.