Атырау, 31 наурыз 0811
 ашықВ Атырау +24
$ 503.42
€ 542.08
₽ 6.00

​Дидар Сыдықбек - «Атырау» футбол клубының жаңа басшысы

585 просмотра

Сурет Д.Сыдықбектің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Сыдықбектің тағайындалғанын футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады.

«Атырау» ФК бас менеджері 32 жастағы функционер, Алматы тумасы Дидар СЫДЫҚБЕК болды. Футболшы ретінде Қазақстанның жастар құрамасында, «Қызылжар», «Астана-1964», «Ақтөбе» және «Ордабасы» клубтарының намысын қорғады. Мансабын аяқтағаннан кейін «Прогресс KZ» талдау қызметінің басшысы, «ИТЦ» АҚ бақылау бөлімінің маманы және Тұңғыш Президент қорының жобалық кеңсе үйлестірушісі қызметтерін атқарды.

Басқарушылық мансабын SD Family Group директоры ретінде бастаған ол медиа-футбол федерациясының президенті лауазымына дейін көтерілді. Сыдықбек Қазақстан футбол федерациясының «Алаң» инфрақұрылымдық жобасының кеңесшісі де болған.

Еске салайық, бұған дейін «Атырау» ФК қызметкерлері Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновке видео үндеу жолдаған болатын. Кейінірек дене шынықтыру және спорт басқармасы футбол клубындағы жағдайға қатысты пікір білдірді.

Жомарт ӘМІРХАНОВ

27 наурыз, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16