Атырау, 19 сәуір 17:31
 ашықВ Атырау +16
$ 521.90
€ 593.50
₽ 6.39

«Атырау» ФК қызметкерлері облыс әкімі Серік Шәпкеновке видеоүндеу жолдады

Бейнежазба
1 409 просмотра

Олардың айтуынша, техникалық қызметкерлер мен бапкерлерден бастап ойыншыларға дейін клуб ұжымы үш айдан бері жалақыларын ала алмай отыр. Ал облыстағы басқа да қаржыландырылатын спорт ұйымдары ақшаларын алған.

Футболшылар қазіргі спорт басқармасының басшысы Нұрбол Сыдықовтың клубқа қаражат аудармай отырғанын, дегенмен облыстық бюджеттен қарастырылғанын мәлімдеді. Олар қызметкерлердің көпшілігінің несиелері, отбасылары мен балалары бар екенін атап өтті.

Әлеуметтік желілерде клуб қызметкерлері ертеңнен бастап жұмысқа шықпауға ниетті екені жөнінде ақпарат пайда болды. Талаптары орындалмаса, ойыншылар 30 наурызға жоспарланған «Ақтөбемен» матчқа бойкот жариялайды.

Біз облыстық спорт басқармасына, сондай-ақ «Атырау» ФК басшылығына осы жағдайға және оның клуб қызметіне әсері туралы түсініктеме алу үшін ресми сауал жолдадық.

Айнұр САПАРОВА

19 наурыз, 00:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.