Атырау, 23 қараша 14:25
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Пан Ги Мун шиеленісті Кашмир аймағына барды

1 666 просмотра

Cурет obozrevatel.com сайтынанCурет obozrevatel.com сайтынанБҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Үндістан мен Пәкістан арасындағы соңғы күндері жағдай шиеленіскен даулы өңір - Кашмир аймағына барды.

13 тамызда Кашмирдің Үндістан мен Пәкістанды бөліп жатқан "бақылау аймағында" екі ел әскері арасында атыс болған. Екі тарап бір-біріне артиллериядан оқ жаудырып, Пәкістанның бір азаматы қаза тапқан, бірнеше адам жараланған. Шиеленісті аймақтағы тұрғындар басқа жаққа көшірілген.

Пәкістан өткен жексенбіден бері БҰҰ бақылауындағы бұл аймақта Үндістанды арандатып отыр деп айыптап келеді. Үндістан оны жоққа шығарып, Пәкістанның өзін айыптайды.

Ресми Дели 6 тамызда "Кашмирде бес үнді сарбазы тосқауылға тап болып, қаза тапты" деген соң жағдай шиеленіскен. Пәкістан жағы ол оқиғаға қатысы жоғын айтады.

Пан Ги Мун бүгін Пәкістан президенті Асиф Әли Зардаримен және премьер-министр Наваз Шарифпен кездеседі.

Сәрсенбіде БҰҰ бас хатшысы Пәкістанның тәуелсіздігі күніне арналған шараға қатыспақ.

Дереккөз: azattyq.org

13 тамыз 2013, 17:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.