Атырау, 24 желтоқсан 09:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Құрманғазы ауданында мектеп директоры жұмыстан босатылды

857 рет қаралды

16 ақпан күні әлеуметтік желіде Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылындағы Ф. Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебі мұғалімдерінің мектеп автобусын заңсыз пайдаланғаны жөнінде видео жарияланды. 

Мұғалімдер қайтыс болған адамға бата оқуға бара жатқанын жасырмады. Сол үшін мектеп оқушыларына арналған автобусты ақша төлеу арқылы пайдаланған. Алайда мұғалімдердің оқушыларды тасымалдауға арналған автобусты пайдаланғаны көпшілік арасында резонанс туғызған еді. 

"АЖ" тілшісі аудандық білім бөліміне хабарласты. 

- 10 ақпан күні мектеп балаларының тасымалына арналған көлікті жұмыстан тыс уақытта пайдаланбау жөнінде мектептерге хаттар жіберген болатынбыз. Бірақ бұл ескертулерге қарамастан Ф. Оңғарсынова атындағы мектепте осы жайт орын алып, қызметтік тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде мектеп директоры Шынар Исатаева бұл лауазымдық қызметтен босатылды. Ол қазір бөлінген сағатына байланысты физика пәнінен сабақ береді, - дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Еділ БАЯРОВ.

Жалпы бұл мектеп жөнінде бұдан бұрын жағымсыз мақала жарияланған болатын. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 ақпан, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.