Атырау, 21 желтоқсан 13:33
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырауда мұз астынан балық аулау фестивалі өтті

1 017 рет қаралды

Атырауда «Visit Atyrau» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен «Atyrau Fish Day» мұз астынан балық аулау фестивалі өтті. Іс-шараның мақсаты – өңірдің табиғи байлығын насихаттау, экотуризмді дамыту және балық аулауды белсенді демалыс түріне айналдыру.  

Жарысқа 11 команда қатысты, әрқайсысында үш адамнан болды. Барлығы 33 балықшы өзара сынға түсті. Қатысушыларға екі қармақ пен бес ілмектен артық пайдалануға рұқсат етілмеді.

Нәтижесінде «Золотой песок» командасы ең көп балық аулап, бас жүлдені жеңіп алды. «Атырау Балықшылары» командасы ең үлкен балық ұстағаны үшін марапатталды. Айбек Сәкенов фестивальдің үздік балықшысы атанса, Азамат Ізбасаров бірінші болып балық ұстағаны үшін марапатқа ие болды.  

Жеңімпаздарға бұрғы, балық аулауға арналған құрал-саймандар жинағы және қармақтар табысталды. Қазылар алқасының мүшесі Асылан Омаровтың айтуынша, балықшылар қарагөз, рыбец, беріш және көксерке сияқты балықтарды қармаққа түсірген.  

Мұндай балық аулау жарыстары жыл сайын өтеді.

Айнұр САПАРОВА

23 ақпан, 17:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.