
«АЖ» редакциясының араласуынан кейін прокуратура марқұмның ағасы мен оның адвокатын (жәбірленуші тарапты) қылмыстық іс материалдарымен таныстыру туралы қаулы шығарды.
Еске салайық, өткен жылдың тамыз айында Атырау тұрғыны Сергей ГУТАЙДЫҢ өліміне қатысты үш айға созылған тергеп-тексеру жұмыстарынан кейін облыстық полиция департаментінің тергеушісі зардап шеккен тарапқа хабарлауды «ұмытып» сотқа дейінгі тергеуді үнсіз тоқтатқан болатын. Істің Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігіне («Адам өлтіру») сәйкес енді тергелмейтіндігін олар тек қараша айында кездейсоқ білген.
Бұл ретте, тергеушінің ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің (ҚПК) 37-тарауының ережелерін білмеуі мүмкін емес еді. Соған сәйкес ол тараптарды іс материалдарымен таныстыруға, (қажет болған жағдайда) тегін аудармасын беруге, оларды заттай айғақтармен таныстыруға және оларға өтінішхаттар беруге мүмкіндік жасауға міндетті. Тергеуші процеске қатысушылардың іс материалдарымен танысқаны туралы хаттама жасайды.
Зардап шеккен тараптың қаңтарда қала прокуроры Руслан АЙТИМОВҚА баруы нәтиже бермегендіктен, «АЖ» ның атына да, полицияға да сауал жолдады.
Бірінші болып Атырау облысының полиция департаменті ҚПК-нің бұзылғанын жоққа шығарып, қадағалаушы органға меңзеді. Өйткені сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтатуды қадағалаушы прокурор бекіткен. Айтпақшы, бұл прокурор да заңның өрескел бұзылғанын байқамауы мүмкін емес, әрине, егер іс материалдарын қараған болса.
«Тергеуші тарапынан ҚПК талаптарын бұзу фактілері анықталған жоқ», - деп мәлімдеді департамент.
Содан кейін қала прокуроры «5 ақпанда процеске қатысушыларды қылмыстық іс материалдарымен таныстыру туралы полиция департаментіне тиісті қаулы шығарылды» деп жазбаша хабарлама жолдады.
Осыған қарамастан, адвокат Айбар ҚОСЫМБАЕВТЫҢ айтуынша, полиция оларға тергеу құпиясын ашуға асығар емес, прокурор қаулысына еш реакция болмаған.
Бір қызығы, заңда полицияның прокурордың әрекет ету актісін орындауға міндетті мерзімі белгіленбеген. Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылған күннен бастап жәбірленуші тараптың шағымдануына және тергеуді қайта бастау туралы өтінішхат беру мүмкіндігіне бір жыл уақыты бар екенін (ҚР ҚК 102-бабы) нақтылай кеткен жөн. Осыған байланысты марқұмның ағасы Виктор ГУТАЙ тергеу органдары осы мерзімнің соңына дейін істі созып жібере ме деп қауіптенеді.
«Іс материалдарында біз көрмеуіміз керек нәрселер бар шығар. Әйтпесе полицияның біздің құқығымызды елемеуін басқаша қалай түсіндіруге болады? Тіпті прокуратура да бұл жерде дәрменсіз болып отыр», - дейді ол.
Лев ГУЗИКОВ
В Атырау +4