Атырау, 18 ақпан 0819
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 498.75
€ 523.09
₽ 5.46

Бұралқы иттерді аулау тоқтап тұр

845 просмотра

Әлеуметтік желіге шолу жасағанда Атырау тұрғындарының соңғы уақытта көшеде бұралқы иттің көбейіп кеткеніне алаңдап отырғаны анықталды. 

Қала тұрғындарының айтуынша, таңертең балалар мектепке бара жатқанда, иттер олардың алдынан шығып, үлкендердің де зәресін ұшыратын көрінеді. «Жұлдыз-2» шағын ауданы тұрғындарының бірі бұл жағдай бірнеше рет орын алып отырғанын атап өтіп, балалардың қауіпсіздігіне алаңдайтынын айтып отыр.  

Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметі бойынша, қазіргі уақытта облыста иесіз иттерді аулау жұмыстары тоқтап тұр. Ит аулаушы мекемелерді анықтау үшін қаражат бөлініп, тендер жарияланған. Жұмыстардың басталуы жеңімпаз мекеме анықталған соң жүзеге асады.

Мемлекеттік сатып алу порталынан алынған деректерге сәйкес, биыл Атырау облысында иесіз жануарларды аулау және ұстауға 71 миллионнан астам қаржы бөлінген. Бұл қаржы төмендегідей бөлінген:

  • Исатай ауданы: 2 млн 656 мың теңге
  • Махамбет ауданы: 2 млн 943 мың теңге
  • Қызылқоға ауданы: 3 млн 087 мың теңге
  • Мақат ауданы: 3 млн 015 мың теңге
  • Индер ауданы: 3 млн 302 мың теңге
  • Құрманғазы ауданы: 5 млн 600 мың теңге
  • Жылыой ауданы: 8 млн 616 мың теңге
  • Атырау қаласы: 42 млн 579 мың теңге

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

29 қаңтар, 20:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16