Атырау, 18 желтоқсан 23:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«20 миллиондық межені кім өзгертті?». «Ресей тәжіктерді қаруландырмақ». «Қазақтың 40 ғасыр бұрын пайда болғаны ғылыми дәлелденді». «Ердоғанның ессіз жобасы». «Әблязовтың ізін кескен кім?».

2 220 просмотра

BAQ.KZ. «Баян Есентаеваның жаңа телехикаясы (ВИДЕО)» - Осы күзде "Ел арнадан" "Трактористің махаббаты" атты жаңа телехикая көпшілік қауымның назарына ұсынылады.  Он алты сериадан тұратын телехикаяның продюсері – Баян Есентаева, режиссері – Асқар Ұзабаев. Сценариін «Махаббат және көгершіндер» мен «Қыздар» атты фильмдерге негіздей отырып, Данияр Күмісбаев пен Асқар Ұзабаев жазған. Басты рөлдерде «КешYOU» тобының әншісі Кәмшат Жолдыбаева мен «Ликвидатор», «Махамбеттің қылышы» атты фильмдерден таныс Берік Айтжанов.

AIKYN.KZ. «20 миллиондық межені кім өзгертті?» - Жеті жылдан соң ел тұрғындарының саны нешеге жетеді? Егер есте болса осыдан екі жыл бұрын Елбасы өзінің кезекті Жолдауында 2020 жылы халықтың санын 20 миллионға жеткізу керек деген меже белгілеп еді.
Алайда соңғы кездері демогрф сарапшылар да, статистика мамандары да кем санды айтып керіліп отыр. Тіптен ресми орган Статистика агенттігінің өзі де 2020 жылға дейінгі қазақстандықтардың өсімі жөнінде орташа болжамын жасап, күтілген цифрды Президент жоспарлаған деңгейден әлдеқайда кемітіп тастапты. Неге?

«Бір қазақ – бар қазақ, бар қазақ – бір қазақ» - Күн сайын қанша ақпарат естиміз: түген деген жерде бір автобус аударылып, он шақты адам қырылыпты; пәлен деген жерде екі көлік соғысып, тоғыз адам өліпті; анау облыста жол-көлік апатынан пәлен адам зардап шегіпті, мынау облыста түген адам тіл тартпай кетіпті; Денеміз дір етпейтін болды. Құтты бір басқа елде, басқа жерде болып жатқан оқиғалар тәрізді. Тап қазір елде соғыс болып, 1 мың адам өлсе, қандай қайғы, қандай траур болған болар еді?!. Біз өлімді соғыс болған жағдайда ғана, өлім деп қабылдайтын сияқтымыз. Жәй күнде мұның маңызы жоқтай. Бейбіт күндегі өлім, жол апаты біздің елге мүлдем қатыссыз секілді... 

«Ресей тәжіктерді қаруландырмақ» - Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу арнайы бағдарлама бойынша Тәжікстан әскерін қайта қаруландыруға 200 млн доллар беретіндігін мәлімдеді. Ол қаржының бір бөлігі жөндеу жұмыстарына, қалғаны қару-жарақты жаңартуға жұмсалмақ.

ALASHAINASY.KZ. «Қазақтың 40 ғасыр бұрын пайда болғаны ғылыми дәлелденді» - 1999 жылы Анд тауының шыңынан тас табыт ішінде сол күйі сақталған инк тайпасының соңғы тұяғы 13 жасар қыздың мүрдесі табылған болатын. Арадан 15 жылдай уақыт өткенде бүгін археолог ғалымдар «Мұзды қыз» деп айдар таққан сол қыз өлімінің жұмбағын толықтай шешті. Яғни қыз бала діни наным-сенім бойынша арнайы құрбандыққа шалынған және оны сол үрдіске алдын ала дайындаған болып шықты. Ал бұл ақиқатты қыздың бір тал шашы «айтып» берген, яғни генеология ғылымының жетістігінің арқасында адамзат ендігіде, тіпті өткен ғасырлардың ақиқатын көзбен көріп, қолмен қойғандай біле алады.

"«Кедейлер банкінің» пайдасынан зияны көп болып тұр" - Ломбардтар ақша іздеген халыққа қарыз беретін қолдаушыдан қанаушыға айналып бара жатқандай. Себебі жартысы болмаса да, біраз бөлігі алған қаржысын дер кезінде қайтара алмай, алтын-күмісінен немесе басқа да қымбат бұйымдарынан айырылып қалады екен. Ал жұрт көбіне қандай зат өткізеді дегенге келсек, статис­тика ломбардтан алатын қарыздардың жартысынан көбіне кепілдікке әшекей бұйымдарын қояды екен.

AZATTYQ.ORG. «Қазақстанда теміржол апаттары жиілеп тұр» - Соңғы уақытта Қазақстанда теміржолда болатын оқиғалар жиіледі. Шілде айының өзінде төрт бірдей оқыс оқиға болды.

«Шекарадан көшірілген тұрғындар шалғай ауылға қоныстанған» - Облыс орталығы Қызылорда қаласынан 250 километр, Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінен 150 километр жерде, Көмекбаев ауылында Өзбекстанмен шекаралас өңірден көшкен 30 отбасы тұрады.

«Италияның бес депутаты Әблязовтың отбасымен кездесті» - 3 тамызда Мұхтар Әблязовтың отбасының жағдайымен танысу үшін Алматыға арнайы келген Италия парламентінің бес өкілі Алма Шалабаевамен кездесті.

HALYKSOZI.KZ. «Ұлттық құрама да осылай ойнаса...» - Алматының «Қайраты» КСРО біріншілігінде өнер көрсетіп жүрген кезде футбол бірінші орында еді. Стадионда ине шаншар жер болмайтын. Ойынға кіре алмай, сыртта тамашалайтын жанкүйерлер қаншама! Қазір сол футбол, сол ду халық арасына қайта келе жатқан секілді. Кешегі Еуропа кубогы жолында кездескен Қарағандының «Шахтері» мен Албанияның «Скендербеу» командаларының ойыны соған толық куә.

ABAI.KZ. "«Махамбеттің басы» қайда? Мұхтарды неге іздемейміз?" - Қазақтың соңғы ұлы ханы Кенесары Қасымның басы туралы көп жылдар бойы әңгіме болып, ақыры нүкте қойылмады. Таяуда бұл мәселені Нұртөре Жүсіп «Ең арзан бас қайда?» («Айқын» 15.07.2013 ж.) атты аса өткір мақаласында тағы да бір еске салып өтіпті.

ZHASALASH.KZ. «Батыстандыру саясаты орыстандыру саясатынан да сорақы» - Шығыстың данагөйi: “Ақшаңнан   айырылғаның – ешнәрседен айырылмағаның, денсаулықтан айырылғаның – жартысынан айырылғаның, ал рухыңнан айы­рылғаның – бәрiнен айырылғаның” деген екен. Қазiргi күнi бiздi рухымыздан айыруға бар күш-жiгерiн салып жүрген бiр кесепат бар, ол – батыстандыру саясаты.

«“Қазақстанда жасалған” Қытай тауары» - “Роспотребнадзор” басшысы Геннадий Они­щен­­ко Кеден­дiк одаққа мү­ше Қазақстаннан келiп жат­қан кейбiр та­уарлар көңiлi­нен шықпайтынын айтты.

ZHEBE.COM. «Сұрауы бар судың ағысы қалай?» - Сарапшылардың айтуынша Орта Азия елдерінің ортасына сына қағатын бірден бір жәйт трансшекаралық өзендердің мәселесі болмақ. Сына қағу былай тұрсын тіпті трансшекаралық аймақтағы өзендердің мәселесі соғыс отының тұтануына ең басты себепші болуы да мүмкін. «Жаман айтпай жақсы жоқ» әрине. Бірақ күнделікті адамзат тұтынатын ауыз су мен трансшекаралық өзендердің жай-күйіне бүгін назар аудармасақ, ертең тым кеш болады.

«Ердоғанның ессіз жобасы» - Түріктер Қара теңіз бен Мәрмәр теңізін жалғастыратын Ыстамбул каналының жобасын осылай атайды. Расында да Ыстамбул каналы «ессіздік» еді. Өйткені, кететін шығын өте көп, түсетін пайдасы күмәнді жоба. Бірақ, бұл жобаны Түркияны әлемдік деңгейдегі саяси ойыншының қатарына қосатын һәм экономиканың өсуіне ықпал ететін дүние екендігін біраз сарапшылар мойындайды.

SERKE.ORG. «Әблязовтың ізін кескен кім?» - Англияда шығатын The Times газеті шетелде жасырынып жүрген Мұхтар Әблязовты француз полициясы қалай қамауға алғаны жөніндегі жаңа мәліметті таратты. Газеттің жазуына қарағанда, М.Әблязовты арнайы қызмет органдарының агенттері емес, Лондондағы заңгерлік қызмет көрсету кеңсесінің қарапайым қызметкерлері аңдыпты, оның қай жерде жасырынып жүргенін анықтап, француз полициясына солар хабарлаған.

«Украинада шығатын конфеттердегі зиянды заттардың бар-жоқтығына тексеріп жатыр» - Астана мен Алматыда украиналық Roshenкорпорациясы шығарған конфеттердің құрамында адам ағзасына зиянды заттардың бар-жоқтығына тексеру басталды.

«Roshen-нің сүт шоколадында концерогендік қасиеті бар және биоаккумулятивтік қасиеті бар бенз(а)пирен анықталды. Ол кондидерлік өнімнің азық-түлік шикізаттарына лайықты бақылау жоқтығын аңғартады. Аталған фактілер Roshen корпорациясының кондитерлік фабрикаларында азық-түлік қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың жүйелі бұзушылықтарының барлығын көрсетеді», - делінген ресейлік ведомство таратқан хабарда.

5 тамыз 2013, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.