Джозеф Аун АҚШ пен Сауд Арабиясының қолдауына ие, деп хабарлайды Korrespondent.net басылымына сілтеме жасаған Ақ Жайық.
Ливан Президентінің үкіметті бекіту, халықаралық шарттарды мақұлдау құқығы бар және ол елдің қарулы күштерінің бас қолбасшысы.
Ливан парламенті армия қолбасшысы Джозеф Аунды ел президенті етіп сайлады.
Оның кандидатурасына 128 депутаттың 99-ы дауыс берді.
Президенттік орын бұрынғы мемлекет басшысы Мишель Аунның өкілеттік мерзімі аяқталғалы, 2022 жылдың қазан айының соңынан бері бос тұр.
Ираншыл «Хезболла» тобы президенттікке өз кандидатын сайлай алмады.
Соңғы екі жылда Ливан президентін сайлауға 12 әрекет сәтсіз болды.