Атырау, 19 ақпан 21:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.30
€ 578.94
₽ 6.38

"Жын кірген": қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр

1 237 рет қаралды

«Емші» Кейқуат Оспановтың 9 жасар қыздан «жын шығару» сәті түсірілген видео қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Бұл жағдайға Оқу-ағарту министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитеті түсініктеме берді.

«Мұндай оқиғаға мүлде жол беруге болмайды. ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұл жағдайды өз бақылауына алды. Қазіргі уақытта балаға оқиғаның салдарын барынша азайту мақсатында кәсіби психологиялық көмек көрсетілуде», - делінген хабарламада.

«Баланың денсаулығы мен әл-ауқатына қауіп төндіретін кез келген мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін атап өту маңызды. Министрлік Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін заңдар мен нормаларды сақтау қажеттігін еске салады», – деп ескертті ведомство.

Еске салсақ, Бала құқықтары жөніндегі Атырау өңірлік уәкілі Айжан Сәрсембаева жын шығару сеансы жасалған қызға қатысты жағдайға тоқталған болатын.

10 қаңтар 2025, 01:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.