Атырау облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Айжан СӘРСЕМБАЕВА экзорцизм (жын шығару) сеансы жасалған қызға қатысты жағдайға тоқталды.
«Бұл қыздың Алматыда тұратыны белгілі болды, сондықтан бұл іс Алматы облысы бойынша уәкілетті тұлғаның қарауында. Қазіргі уақытта емшінің Атырау облысында тұратыны, бірақ қалаларды аралап, ел ішінде қызмет көрсететіні мәлім».
Құқық қорғау органдарының емшімен сөйлескені белгілі. Алайда ол қыздың аты-жөнін есіне түсіре алмады, өйткені қыз оның көп «науқастарының» бірі ғана екен. Шамасы, шайтанның шырмауына түскендер өте көп болса керек, емші-имамның жеке парақшасында жақсы пікірлер көп.
Құқық қорғау органдарына жын шығарушы Кейқуат Оспановтың үстінен ешқандай шағым-арыз түспеген.
Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желіде емшінің қолы байлаулы, жылап жатқан қыздан жын шығарып жатқан видеосы пайда болды.
Жалпы, ел тұрғындары сеансты надандық деп есептесе, кейбірі одан еш ағаттық көрмеді.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА