Мақат ауданы әкімдігінің қолдауымен 27 баланың жаңа жылдық тілектері орындалды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аудандағы ата-ана қамқорлығысыз қалған бүлдіршіндердің қалауларын орындауға аудан әкімі Азамат Мәмбетовтен бөлек аудандық мәслихат төрағасы, аудан прокуроры, аудандық ішкі істер бөлімі, аудан әкімінің орынбасарлары, кент әкімдері және аудандағы өндірістік мекемелердің басшылары атсалысты.
- Балаларға қамқорлық жасау — мемлекет саясатының ажырамас бөлігі. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерге қашанда қолдау көрсетіп, олардан өз көмегімізді аямаймыз. Бұл үрдіс әрі қарай да жалғасын тауып, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі,- А.Мәмбетов.
Айта кетейік, ауданда жыл соңында алғаш рет “Армандарды орындау шыршасы” ұйымдастырылып, балалар өзінің арман-тілектерін қағаз бетіне түсірді. Аудан әкімдігі бүлдіршіндердің жазған арман-тілектерін 2025 жылы толық орындауға уәде берген болатын.