Атырау, 24 желтоқсан 00:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Атыраулық студент адам өлтіргені және есірткі дайындағаны үшін 19 жылға сотталды

3 083 рет қаралды

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны кінәлі деп танып, 19 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.

Естеріңізге салсақ, Атырау көпсалалы колледжінің медицина курсының стоматолог студенті Мейрамбек СҮЙІНҒАРИН Ақтөбеде былтыр көктемде химия саласындағы білімін пайдаланып, мефедрон дайындай бастағаны үшін қылмыстық хроникаға ілінді.

Талантты жігіт пен туысы – Ақтөбе ІТ мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Дархан ЖЕТПІСБАЕВ екеуі гаражда синтетикалық  есірткі дайындайтын зертхана ұйымдастырған.

Есірткі дайындау ісін кісі өлтіру дерегі ауырлатып отыр. Жергілікті тұрғын есірткі зертханасы туралы тым көп білгендіктен өлтірілген.

Әрқайсысын 19 жылға ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырумен қатар, моральдық шығынды өтеу ретінде сот сотталушылардан жәбірленушілердің пайдасына 10 миллион теңге өндірді.

Сыбайластар өз кінәларын мойындамады. 

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

27 желтоқсан 2024, 12:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.