Атырау, 15 желтоқсан 18:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 522.49
€ 547.88
₽ 5.06

Ақтөбеде есірткі және кісі өлтіру ісі бойынша атыраулық студенттің соты өтіп жатыр

309 просмотра

Атырау көпсалалы колледжінің стоматология медкурсының студенті Мейрамбек Сүйінғарин Ақтөбеде былтыр көктемде химия бойынша алған білімін пайдаланып, мефедрон дайындай бастағаны үшін қылмыстық хроникаға ілінді.

«Заңсыз баю және қаржылық жағдайын жақсарту мақсатында қылмыстық пиғылмен синтетикалық есірткі дайындап, оны кейін Ақтөбе облысы аумағында өткізу үшін есірткі зертханасын құрған», - делінген Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының айыптау қорытындысында.

Істе Ақтөбедегі ақпарат технологиясы мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, Сүйінғариннің туысы Дархан Жетпісбаев та бой көрсетеді. Есірткі дайындау ісін кісі өлтіру дерегі ауырлатып отыр.

Тергеу жорамалы бойынша, Сүйінғарин мен Жетпісбаев синтетикалық есірткіні 2023 жылдың наурызынан 2024 жылдың қаңтарына дейінні аралықта гаражда дайындаған. Мемлекеттік айыптаушылардың пікірінше, мефедрон дайындайтын есірткі зертханасы ұйымдастырушылар мен есірткі өндірушілерге миллиондаған теңге әкелген.

Кісі өлтіруге келетін болсақ: жергілікті тұрғын есірткі зертханасы туралы тым көп білгендіктен өлтірілген.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әлі үкім шығарған жоқ, қазіргі уақытта іс қаралуда. 

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Кеше, 23:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.