Атырау, 5 желтоқсан 11:36
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Грузия президенті Зурабишвили ел үкіметіне талап қойды

440 рет қаралды

Грузия президенті Саломе Зурабишвили ел үкіметіне парламент сайлауын қайта өткізетін күнді шешуге бір апта уақыт берді, деп жазады Азаттық радиосы. 

Оппозиция биыл күзде өткен парламент сайлауының ресми қорытындысына және Грузия үкіметінің Еуроинтеграцияға деген саясатына қарсылық білдіріп келеді. Мұны қолдаған Зурабишвили наразылықтар "жаңа кезеңге" өтіп жатыр, елдегі саяси дағдарыс тек жаңа сайлау өткізгенде шешілуі мүмкін деді.

Тбилисиде көптің алдында сөйлеген президент билікте отырған "Грузин арманы" партиясының бейресми басшысы миллиардер Бидзина Иванишвили мен оның партиясының басқа да басшыларын жаңа сайлау күнін белгілеу жөнінде келіссөз жүргізуге шақырды.

Зурабишвилидің өкілеті бір аптадан кейін, 29 желтоқсанда аяқталады. Бұған дейін сайлаушылар алқасы биліктегі "Грузин арманы" партиясы ұсынған бұрынғы футболшы Михаил Кавелашвилиді сайлаған. 


23 желтоқсан 2024, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.