Атырау, 20 желтоқсан 19:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.02
€ 545.19
₽ 5.09

​Мәскеуде генералды өлтірді деген күдікпен өзбек азаматы тұтқындалды

155 просмотра
Фото: AP

РФ тергеу комитетіне сенсек, Украина есімі аталмаған күдіктіге осы қастандық үшін 100 мың доллар мен Еуропада тұру мүмкіндігін ұсынған, деп жазады inbusiness.kz.

Сәрсенбі күні Ресей Украинаның СБУ қауіпсіздік қызметінің нұсқауымен Мәскеуде генерал Игорь Кирилловты өлтірген өзбек азаматын тұтқындады. Ал ортаазиялық шенді офицердің өмірін қию үшін бомба жарғанын мойындаған.

Ресейдің Ядролық, биологиялық және химиялық қорғаныс әскерлеріне қолбасшылық еткен Кириллов сейсенбі күні көмекшісімен бірге тұрғын үй алдында электроскутерге жасырылған бомба жарылысынан қаза тапты.

Бұл -  Ресейде Украинаның ұйымдастыруымен өлтірілген ең жоғары лауазымды ресейлік офицер. Украинаның СБУ барлау қызметі Кирилловты жойғанын ресми түрде растады. Және де Киев бұған дейін Кирилловты украин әскерлеріне қарсы химиялық қару қолданды деп айыптаған. Алайда, Мәскеу тағылған кінәні жоққа шығарып келеді.

Ауыр қылмыстарды зерттеумен айналысатын РФ Тергеу комитеті сәрсенбі күні мәлімдегендей, аты-жөні аталмаған күдікті Мәскеуге Украинаның барлау қызметінің тапсырмасын орындау үшін барғанын айтқан.

Ресейлік құқық қорғау органдарымен байланыстағы Baza News агенттігі жариялаған видеода күдіктінің фургонға отырып, өзінің әрекеттерін сипаттағаны көрінеді.

Қысқы пальто киген күдікті Мәскеуге Украинаның арнайы қызметінің тапсырысы бойынша келгенін, ең алдымен электроскутер сатып алғанын және қолдан жасалған жарылғыш затты алғанын жасырмапты.

Өзбекстандық жарылғыш затты электроскутерге қойып, Кириллов тұрған көпқабатты үйдің жанына қалдырған.

Тергеушілердің айтуынша, оның бұл әрекетін Украинаның Днепр қаласында осы қастандықты ұйымдастырған адамдар бақылап отырыпты.

1995 жылы туған күдікті Кириллов ғимараттан шыққан кезде құрылғыны қашықтан іске қосқан. Өзінің айтуынша, Украина оған 100 мың доллар және Еуропа елдерінің бірінде тұруды ұсыныпты.

Тергеушілер оқиғаға қатысы болуы мүмкін өзге де адамдарды анықтап жатқанын айтты. Ал "Коммерсантъ" газеті тағы бір күдіктінің ұсталғанын хабарлап отыр.

Мәскеу мәселені БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде көтермек

Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарованың мәлімдеуінше, Мәскеу желтоқсанның 20-да БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында қастандық мәселесін көтермек.

Сонымен қатар, Захарова кісі өлтіруге қатысы барлардың барлығы табылып, жазаланатынын, және мұндай шабуылдардың Мәскеуді қорқытпайтынын ескертті.

"Киев режимі жаңа лаңкестік әрекет үшін жауапкершілікті тағы да өз мойнына алғанын көріп отырмыз. Бұл СБУ мен ессіз Киев режимі – англосаксондардың қолбалалары екенін байқатады", - дейді Захарова.

Бірақ АҚШ Мемлекеттік департаменті сейсенбіде Вашингтонның Мәскеудегі кісі өлтіру оқиғасына ешқандай қатысы жоқ екенін және ол туралы алдын ала білмегенін мәлімдеді. Британ премьер-министрінің Кир Стармердің баспасөз хатшысы болса, Кирилловтың "заңсыз басқыншылықты насихаттап, украин халқын азаптап, қырғынға ұшыратқанын" атап өткен.

Ресей президенті Владимир Путин бұл қастандыққа байланысты әзірге ашық пікір білдірген жоқ.

Дегенмен, сәрсенбі күні Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей барлау қызметінің істі тергеу жұмысын жоғары бағалап, Украинаны "террорлық әдістерді" қолданды деп айыптады.

Бұрынғы президент Дмитрий Медведев "Лондон Таймс" газетінде жарияланған мақаласында айтқандай, Батыс ресмилері Украинаға әскери көмек көрсеткені үшін Ресейдің заңды нысанасына айналады.

Ресей өз жеріндегі бірқатар кісі өлімдері үшін Украина жауапты деп санайды. Ал Киев Ресей ашқан соғысты Украина мемлекеттігіне төнген экзистенциалды қауіп деп есептейді.

Бүгін, 12:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.