Атырау, 23 желтоқсан 19:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Елтайда ауыл тұрғынына қасқыр шапқан

1 478 рет қаралды

19 желтоқсанда Индер ауданы Елтай "Көктөбе" қыстағында адамға қасқыр шабуыл жасады.

- Оқиға сол күні күндіз малға шөп салуға барғанда орын алған. Ақыры шөп ауласында жатқан болуы керек, шаруа Болат Сариевке тіке шабуыл жасап, қолын тістеп жарақаттаған. Әкесінің айқайына балалары дер кезінде көмекке келіп, түз тағысын айырмен түйреп өлтіріпті. Бұл құтырған түз тағысы ма, анықтау үшін сараптамаға Атырауға жіберілді,-дейді Елтай округінің әкімі Дулатбай САРИЕВ

Әлеуметтік желіден алынған сурет

Айтпақшы, бұдан бұрын 17 желтоқсанда осы ауданның Есбол ауданына қарасты «Қараоба» учаскесінде қасқыр қойшыны жеңіл жарақаттап, ғайып болған еді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 желтоқсан 2024, 17:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.