18 желтоқсанда Жылыой аудандық ауруханасында алғаш рет жаңа технологиямен жабдықталған “Ангиограф” аппаратының көмегімен жүрек қан тамырларына ота жасалды.
Бұл күні медицина ғылымының докторы, профессор, кардиохирург Қадырбек РАМАЗАН 9 науқасқа күрделі ота жасады. Білікті маманға кардиореаниматолог, интервент Мырзабек МУСТАХИЕВИЧ көмектесті. Операция үстінде профессор аудандық аурухана дәрігерлеріне бар білгенін үйретті.
- Ауруханға қондырылған замануи құрылғының көмегімен енді дәрігерлер ауданымызға қарасты елді-мекендердің тұрғындарына медициналық қызмет көрсете алады, - дейді аудандық аурухананың бас дәрігері Асұлан АБДРАХМАНОВ. - Бұрын науқастар Атырауға баруға мәжбүр болған еді, енді ота осы жерде жасалады. Қазір жүрек, қан тамырларына ота жасату үшін кезекте 48 адам тұр.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА