Атырау, 20 желтоқсан 00:00
 ашықВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

17-18 желтоқсанда Атырау облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Бейнежазба
134 просмотра

Атырау облысының жолдарында ауа райының қолайсыздығынан орын алған қайғылы оқиғаларға облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары Әділбек ШАХМЕТОВ тоқталды.

17 желтоқсан күні сағат 14:30 шамасында Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолы Доссор ауылынан 18 шақырым тұсында маркасы Ваз-2107 автокөлігі Kia Rio автокөлігіне соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Ваз автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

18 желтоқсан күні сағат 11:40 шамасында Актобе-Атырау-Астрахань тас жолының 497-шақырымында Toyota Corolla көлігін басқарып, қарсы бетте келе жатқан Chevrolet Cobalt автокөлігімен соқтығысты. Жол апатының салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінің жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарын алып, реанимацияда көз жұмған.

18 желтоқсанда сағат 22:30 шамасында Мақат ауылында Nissan Maxima көлігі Газ-3302 көлігімен соқтығысты. Жол апаты салдарынан Nissan Maxima көлігінің жүргізушісі ауруханада қаза тапты.

Полиция қыс мезгілінде ауа райына байланысты болжамдарға және 112 желісінен келетін хабарламаға аса мән беріп, жол қозғалысы қауіпсіздігіне мұқият болуды сұрайды.


Кеше, 20:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.