Атырау, 25 желтоқсан 02:26
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Махамбет ауданына қарасты 12 ауылда су тазарту қондырғысы қайта жаңғыртылуда

1 201 рет қаралды

Реконструкциялау барысында Жалғансай, Таңдай, Алға, Ортақшыл, Ақжайық, Ақтоғай, Есбол,Сарайшық, Бейбарыс және Сарытоғай ауылдық округтеріндегі су тазарту қондырғылары жаңа заманауи техникалық құралдармен жабдықталуда, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Қазір Жалғансай ауылына фильтр орнатылып, ауыз су берілді. Жыл аяғына дейін мұндағы қосымша құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Бұдан бөлек, биыл бұрын-соңды су құбыры тартылмаған шалғайдағы шағын 6 елді мекеннің ауыз су мәселесі шешілуде. Атап айтқанда Есмахан, Көздіқара, Томан, Атамбаев, Бала Ораз және Кеңөріс елді мекеніне су тазарту қондырғысы орнатылып жатыр, - деді аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асылхан Шакимов.

Оның айтуынша, қазір Бала Ораз елді мекеніне ауыз су беріліп, қосымша құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ Есмахан және Атамбаев елді мекеніне су желілері жүргізіліп, мұнара орнату сатысында, ал Көздіқарадағы жұмыстар 90 пайызға аяқталған.

19 желтоқсан 2024, 17:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.