Атырау, 19 желтоқсан 20:54
 бұлттыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Ембімұнайгаз» бұрынғы Тайсойған ядролық полигоны аумағында барлау-бұрғылау жұмыстарын бастайды

112 просмотра

«ҚазМұнайГаз» еншілес кәсіпорны «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) Атырау облысындағы бұрынғы Тайсойған ядролық полигон аумағында барлау ұңғымаларын бұрғылауға уәкілетті органнан экологиялық рұқсат алды. Бұл жақын арада мұнай мен газды барлау жұмыстарын бастауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды "Нефть и газ Казахстана" Telegram арнасы.

Осы жылы жобалық жұмыс шеңберінде ЕМГ келісімшарттық аумақта зерттеу жұмыстарын жүргізді (50 м тереңдікте 8 ұңғыма бұрғыланды), олардың нәтижелері бойынша бұрғылау жер асты суларына теріс әсер етпейтіні анықталды. Жергілікті тұрғындар осыдан қауіптенген болатын.

1949 жылдан бері Атыраудан 250 шақырым жердегі Тайсойған аумағы КСРО-ның стратегиялық маңыздағы зымырандық әскери бөлімшелердің полигонына айналды. 1966 жылдан 1977 жылға дейін бұл жерде 24 жер асты ядролық сынақ жүргізілді. 2015 жылы үкіметаралық келісімге сәйкес аумақ Қазақстанның юрисдикциясына өтті. Алдын ала геологиялық ақпаратқа сәйкес, ауданда 25-ке жуық мұнайлы құрылымдар анықталған.

Бүгін, 17:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.