Атырау, 19 желтоқсан 19:43
 бұлттыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

​Абхазия парламентінің жанында атыс болды

85 просмотра
Сурет: Sputnik / Томас Тхайцук

Бүгін Абхазияда парламент ғимаратының жанында атыс болды. Оқиға салдарынан екі депутат жараланғаны хабарланды. Жергілікті билік жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп жазады kaz.nur.kz.

Sputnik Абхазия агенттігі мәліметінше, республиканың бас прокурорының орынбасары Руслан Тыркба ақпаратты растады. 

Оның айтуынша, оқиға орнына жедел-тергеу тобы аттанған. 

Денсаулық сақтау министрлігі депутаттар Кан Кварчия мен Вахтаги Голандзияның Абхазия парламенті маңындағы атыс салдарынан жараланғанын, екеуі де республикалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылғанын хабарлады. 

Кейін Голандзияның алған жарақатынан қайтыс болғаны белгілі болды. 

Елдің ішкі істер министрлігі парламент маңындағы атысқа күдікті депутат Адгур Харазия екенін хабарлады. Ол қылмыс орнынан бой тасалағаны хабарланды.

Бүгін, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.