Атырау, 19 желтоқсан 17:11
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

Судан Ресейдің әскери-теңіз базасын орналастырудан бас тартты

112 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Ресей Суданның Қызыл теңіз жағалауында өз әскери-теңіз базасын орналастырмақ болды. Алайда ел империяның бұл ұсынысынан бас тартқан, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

The Moscow Times басылымының мәліметінше, Мәскеу бұл мақсатқа жету үшін Судан билігіне заманауи С-400 зенитті-зымыран кешенін ұсынған. Алайда бұл ұсыныс АҚШ пен Батыс елдерінің теріс реакциясынан қауіптенгендіктен қабылданбаған.

Судан мен Ресей арасында қару-жарақ пен мұнай өнімдерін жеткізу жөнінде келісімдер жасалған. 2023 жылдың сәуірінен қазан айына дейін Ресей Суданға 2,8 миллион баррель дизель мен бензин экспорттаған, бұл Суданның жалпы импорт көлемінің шамамен жартысын құрайды.

Судан билігіне қолдау көрсеткенімен, Мәскеу әзірге елде тұрақты әскери-теңіз базасын орналастыра алмады. Ресейдің Суданда әскери база құру туралы келіссөздері 2019 жылдан бері жүргізілуде, бірақ елдегі азаматтық соғыс салдарынан бұл жоспарлар жүзеге аспай қалғаны айтылды.

Суданның азаматтық соғысы 2023 жылдың сәуір айында басталды. Елде билік үшін күрес Судан армиясы мен Жылдам әрекет ету күштері арасында жүріп жатыр. Қақтығыс кезінде он мыңдаған адам қаза тауып, 11 миллионнан астам тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Ресей Судан армиясымен байланыс орнату арқылы елге қару сату және Қызыл теңізде әскери-теңіз базасын құру мүмкіндігін көздейді. Сарапшылардың пікірінше, Ресейдің Африкада базасын орналастыруы Суэц каналы арқылы өтетін маңызды сауда жолдарын бақылауға мүмкіндік береді.

Сириядағы азаматтық соғыс пен Башар Асад режимінің әлсіреуі Ресейдің бұл аймақтағы әскери базаларының болашағына күмән тудырады. Тартус пен Хмеймим базалары оппозиция бақылауындағы аймақта орналасқанымен, қазіргі уақытта олардың жұмысына қауіп төніп тұрған жоқ.

Бүгін, 13:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.