Атырау, 19 желтоқсан 15:43
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

Атырауда контрафактілік алкоголь мен темекі өнімдерін сату дерегі анықталды

Бейнежазба
92 просмотра

Атырау облысында алкоголь өнімдері мен контрафактілік жолмен келген темекі өнімдерінің айналымын азайту мақсатында Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері рейдтік шаралар ұйымдастырып, заңсыз әрекеттер анықталып жатыр. 

Рейд барысында алкоголь өнімдерін мемлекеттік лицензиясыз және тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдемей сатумен айналысып отырған 7 тұлға анықталған.  Олардан жалпы көлемі 1275 дана (677,5 литр) заңсыз алкоголь өнімдері табылып, іс - материалдары Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданған. 

- Махамбет ауданы аумағындағы дүкендерге жүргізілген рейдтік кезекті тексеріс нәтижесінде, алкоголь өнімдерін мемлекеттік лицензиясыз, тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдемей сатып отырған және контрафактілік жолмен келген темекі өнімдерін сәйкестендіруге келмейтін үлгіде сатумен айналысқан тұлғалар анықталды. Жалпы көлемі 3107 шыны алкоголь өнімдері, 13113 қорап темекі өнімдері табылып, заң бұзушыларға әкімшілік хаттама толтырылды. Іс - материалдары әрі қарай шешім шығару үшін Махамбет аудандық сотына жолданды, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Бүгін, 13:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.