Атырау, 5 желтоқсан 09:30
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

ҚМГ мен CNOOC «Жылыой» жобасын жүзеге асыру мәселесін талқылады​

1 201 рет қаралды
Сурет: ҚМГ

Бейжіңде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов China National Offshore Oil Corporation International Limited (CNOOC) Директорлар кеңесінің төрағасы Ван Дунцзинмен кездесті, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызмет.

Келіссөз барысында тараптар негізгі екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, оның ішінде «Жылыой» жобасын бірлесіп іске асыру барысын талқылады.

2024 жылдың қазан айында ҚМГ мен CNOOC жаңа «Жылыой» жер қойнауын пайдалану жобасы бойынша серіктестіктің негізгі шарттарын айқындайтын келісімге қол қойған болатын.

ҚМГ-ның алдын ала бағалауы бойынша жер қойнауы учаскесінің геологиялық ресурстық әлеуеті 185 миллион тоннадан астам мұнайды құрауы мүмкін.

Сонымен қатар, тараптар өзге де геологиялық барлау жобалары бойынша жаңа ынтымақтастық мүмкіндіктерін, CNOOC-дің еншілес сервистік компаниясымен (COSL China Oilfield Services) мұнай және газды барлау, өндіруде инжиниринг мәселелері бойынша өзара іс-қимылды нығайтуды талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растап, мұнай-газ саласын дамытуға және Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға бағытталған ортақ жобаларды табысты іске асыруға сенім білдірді.

Еске салайық, 2024 жылдың қазан айында ҚМГ мен CNOOC жаңа «Жылыой» жер қойнауын пайдалану жобасы бойынша негізгі ынтымақтастық шарттарын айқындайтын құжатқа қол қойған болатын. Атап айтқанда, қос компания жер қойнауы учаскесінде келесі жұмыстарды орындауға келісті:

  • 2D (400 бойлық км өңдеу және талдау) және 3D (дала жұмыстары, 400 шаршы км өңдеу және талдау) сейсмикалық барлау;
  • 2000 м тереңдікте бір тұзүсті барлау ұңғымасын бұрғылау (тәуелсіз кезең);
  • 3D сейсмикалық барлау деректерінің нәтижелеріне қарай тереңдігі 4500 м бір тұзасты барлау ұңғымасын (тәуелді кезең) бұрғылау.

Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.

18 желтоқсан 2024, 19:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.