Атырау, 23 желтоқсан 18:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Мақаттағы демалыс орны қалай пайдалануға берілді

1 186 рет қаралды

Мақат кенті «Болашақ» ықшам ауданындағы 3900 шаршы метр болатын демалыс орны құрылысы басталғанына жеті жылдан кейін тапсырылды. 

Айта кету керек, осы уақыт ішінде мердігерлер қолғапша ауысты.

Бұл демалыс орнының жыры көп, 2017 жылы Тараз қаласынан келген «МасштабСтрой» ЖШС құрылысты бастап, 2018 жылы пайлануға бермекші болады. Бұған бюджеттен  54 млн теңге бөлініп, 48 млн теңгесіне ЖШС арка, төсемтастар төсеу, балалар ойын алаңы, ротонда, баннер жасағанымен жылға жетпей тас-талқаны шығып, айналғанда демалыс алаңы емес қорқынышты орынға айналды. Бұл жұртшылықтың наразылығын туғызған еді.  

Сол кездегі аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Ерлан МУСИН ЖШС-мен келісім шартты бұзып, қаржыны түгел қайтарып аламыз деген болатын. Алайда аудандық құрылыс бөлімінің қазіргі басшысы Әбілқайыр ҚАДЫРОВТЫҢ мәлімдеуінше, Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің аудиторлық қорытындысы негізінде «МасштабСтрой» ЖШС әрекетінде қылмыстық құрам анықталмауына байланысты ол қаржы кері қайтарылмаған.

2023 жылы бюджеттен 112 млн теңге бөлінеді. «ЭнергоСнабРесурс» ЖШС  бұрынғы мердігер шала жасап кеткен құрылысты бұзып, тазартудан бастайды. Алайда компания мен аудандық құрылыс бөлімі арасында келіспеушілік туындайды. ЖШС басшылығы 32 млн теңгенің жұмысын жасадым деп, шотқа түскен 14 млн теңгемен келіспейді. Екі жақ соттасумен жүреді, ақыры аудандық құрылыс бөлімі келісім шартты біржақты бұзып, қайтадан конкурс жариялайды.

Бұл жолы бюджеттен 78 млн теңге бөлініп, осы жылдың мамыр айынан бастап конкурс жеңімпазы «СК Алаш» ЖШС іске кіріседі. Нәтижесінде 1473 шаршы метр балалар ойын алаңшасына жабдықтар, жарық шамдары орнатылады. Сондай-ақ  5067 шаршы метрге төсемтастар төселіп, кіре беріс аркасы жаңартылып,  12 түп ағаш отырғызылады.

25 қарашадан бастап жергілікті халық демалыс орнының игілігін көруде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Әкімдік ұсынған сурет

18 желтоқсан 2024, 19:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.