Атырау, 18 желтоқсан 15:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

РТК: генерал-лейтенантты Өзбекстан азаматы өлтірді

116 просмотра
Сурет: kommersant.ru

Ресей қарулы күштерінің генерал-лейтенанты Игорь Кириллов пен оның көмекшісіне қастандық ұйымдастырған күдікті ұсталды. Ол 29 жастағы Өзбекстан азаматы болып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Интерфакске сілтеме жасай отырып.

«Федералды қауіпсіздік қызметінің ІІМ және тергеу комитетімен бірлесіп жүргізген жедел - іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Мәскеудегі Рязань даңғылындағы тұрғын үйдің жанында қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны жарып жіберген күдіктінің 1995 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматы екені анықталды және ұсталды», - делінген хабарламада.  

Күдіктіге «террористік акт», «адам өлтіру», «жарылғыш затты заңсыз дайындау мен сақтау» деген баптармен қылмыстық іс қозғалған. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салсақ, сейсенбі күні таңертең Мәскеудегі тұрғын үйдің жанында жарылыс болып, Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлерінің бастығы Игорь Кириллов пен оның көмекшісі қаза тапты. Ресейдің тергеу комитеті растағандай, 17 желтоқсанда қаладағы Рязань даңғылындағы тұрғын үйдің жанында тұрған самокатқа жарылғыш зат қойылған.

Бүгін, 13:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.