Атырау, 18 желтоқсан 15:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Ақтөбе облысындағы Қаражар барлау учаскесінде алғашқы іздеу ұңғымасы бұрғыланып жатыр

101 просмотра
Сурет: kmg.kz

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 100% еншілес кәсіпорны) Ақтөбе облысындағы Қаражар учаскесінде тереңдігі 3 000 метр болатын алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылауға кірісті.

Қаражар учаскесі Каспий маңы шөгінді бассейнінің шығыс жиегінде орналасқан, пермо-триас кезеңіндегі шөгінділерден тұратын қыртыс асты тұзақ. Бұл жұмыс істеп тұрған «Оңтүстік Қаратөбе» кен орнына ұқсас геологиялық құрылым.

Барлау блогында алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылау – Ақтөбе облысының ресурстық базасын нығайтудағы маңызды кезең.

ҚазМұнайГаз геологиялық барлау жұмыстарының процестерін жеделдетіп, оңтайландыруда. 2024 жылы маусым айында ҚМГ Қаражар учаскесін барлау мен өндіруге келісімшарт алған болатын. Биыл желтоқсанда осы учаскеде іздеу ұңғымасын бұрғылау басталды. Жұмыс жақсартылған модельдік келісімшарт шеңберінде жүргізілуде. Бұл механизм жер қойнауының күрделі учаскелерін барлау және игеру үшін жағдай жасай отырып, маңызды реттеуші және фискалды преференцияларды ұсынады. Учаскенің жер қойнауын пайдалану «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-не берілді.

ҚМГ көмірсутектерді іздеуге және ресурстық базаны ұлғайтуға бағытталған, әсіресе қордың табиғи сарқылуы байқалатын ескі кен орындары бар өңірлерде геологиялық барлау жұмыстарын белсенді жүргізуде.

Еске сала кетсек, 2024 жылы қараша айының соңында ҚМГ мен Татнефть Атырау облысында «Қаратон Подсолевой» учаскесінде тереңдігі 5500 метр алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылауға кірісті. Сонымен қатар 2024 жылы мамырда Қызылорда облысында «Торғай Палеозой» жобасы аясында терең ұңғыманы (5 500 метр) бұрғылау басталды.

Жаңа геологиялық барлау жобаларын іске қосу өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған. Сондай-ақ ҚМГ-ның отандық мұнай-газ саласын қолдауға және қолжетімді қорлардың төмендеген жағдайда тұрақты өсімді қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық басымдықтарына сай келеді.

Бүгін, 12:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.