Аудан әкімі Азамат Мәмбетов Доссор кентінде орналасқан “Доссор Процессинг Компани” ЖШС-гі мекемесіне барып, ондағы жұмыс барысымен танысты.
Бұл инвестициялық жоба ауылшаруашылығы саласында ішкі нарықпен қоса экспортқа құс фабрикалары мен ірі шаруашылықтарға қажетті витаминдер, премикстер, аминқышқылдары, астық, жеммен қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, аралас жемді өндіру, түйіршіктеу, орау және тиеу қызметтерін атқарады. Айына 10 000 тонна өнім шығаратын цехтің 70%-ы Англия, АҚШ, Ресей елдерінен алдырған аппарат құрылғыларымен жабдықталған.
Сонымен қатар, бүгінде Доссор кентінің тұрғындарын жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын өздері өндіретін азық-түлік, азықтық астық, құрама жем, аминқышқылдарын Еуропа, Иран, Өзбекстан елдеріне нарыққа шығаратын болады, деп хабарлайды Мақат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА