Атырау облысының тұрғындары «Туыстары мен таныстарына материалдық көмек көрсету» санатында көш бастап тұр, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
Бюро сайтында қазақстандықтардың 2024 жылдың үшінші тоқсанында әдетте ақшаны қайда жұмсайтыны көрсетілген кестелер жарияланған. Осылайша, ең берік туыстық байланыс біздің өңірде анықталған, өйткені еліміздің басқа өңірлеріне қарағанда біздің барлық шығынымыздың 4,8 %-ы жақын адамдарымызды қолдауға жұмсалады екен.
Бұл санаттың қарама-қарсы бөлігінде қаражаттың ең аз үлесі жұмсалатын Алматы және Батыс Қазақстан облыстары тұр. Бұл өңірлерде материалдық көмекке сәйкесінше 0,2% және 0,4% жұмсалады.
Жалпы, Бюро мәліметінше, қазақстандықтардың шығындарының басым бөлігі тұтынушылық қажеттіліктердің еншісінде – бұл жалпы көлемнің 91,8%-ы. Олардың арасында:
50% (147 000 теңге) – азық-түлік тауарларына,
24% (71 000 теңге) – азық-түлік емес тауарларға,
17,8% (52 000 теңге) – ақылы қызметтерге жұмсалады.
Жоғары көрсеткіштерге келетін болсақ, несиені жабу бойынша да Атырау облысының тұрғындары көш бастап тұр.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА