Атырау, 18 желтоқсан 15:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

​Атырауда 14 мәрте мал ұрлаған барымташы ұсталды

149 просмотра

Атырау облысы Жылыой ауданында полиция ірі көлемдегі мал ұрлығын ашып, күдіктіні қолға түсірді. Жедел іздестіру шаралары барысында мал ұрлығына қатысы бар деген күдікпен Құлсары қаласының 25 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды жергілікті Полиция департаменті.  

Күдіктінің бұған дейін де ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Тергеу барысында оның маусым-тамыз аралығында Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауылында 14 мәрте мал ұрлығын жасағаны белгілі болды. Күдікті жалпы саны 34 бас ірі қараны ұрлап, жәбірленушілерге 5 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

Жедел іздестіру кезінде полиция қызметкерлері күдіктінің өзі ұрлаған ірі қараны әлеуметтік желіге жариялап сатқаны әшкереленді. Сондай-ақ, ұрланған малдарды сатып алған тұрғындар да белгілі болды. Сондай-ақ, тінту кезінде күдіктінің телефонынан ұрланған малдың фотосуреттері мен сатып алушылар арасындағы хат алмасулар да анықталды. Күдікті өз кінәсін мойындап, қамауға алынды.

Қазір құқық қорғау органдары қосымша дәлелдер жинау үшін қоңыраулардың биллингісін тексеріп жатыр. Сонымен қатар, қылмысқа басқа да тұлғалардың қатысы бар-жоғы тексерілуде. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Бүгін, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.