
«QazaqGaz» ҰК АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мейірбек Ихсанов PetroChina International вице-президенті Ван Хайянмен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Тараптар ағымдағы 3 жылдық келісімшарт бойынша Қытайға табиғи газды экспорттау мәселелерін талқылады.
«Қысқы кезеңде біз газ экспортын тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз», - деді Мейірбек Ихсанов. Оның айтуынша, бірінші келісімшарттың сәтті аяқталуы қазіргі келісімшарт бойынша алдағы екі жылға жақсы негіз қалайды.
Кездесу барысында қатысушылар ұзақ мерзімді газ жеткізу перспективаларын және Қазақстан Республикасының газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғырту мәселелерін талқылады.
В Атырау +4