Атырау, 17 желтоқсан 17:46
 бұлттыВ Атырау 0
$ 522.49
€ 547.88
₽ 5.06

Тайсойғанда көмірсутектерді іздеу жұмыстары жүргізіледі

95 просмотра
Көрнекі сурет

Атырау облысы Қызылқоға ауданының Тайсойған учаскелерінде көмірсутектерді іздестіру бойынша барлау жұмыстары жүргізіледі. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған, деп хабарлайды KAZINFORM.

Үкімет басшысының атап өтуінше, аталған учаскелерде барлау жұмыстарының қоршаған ортаға әсері туралы қоғамдық тыңдаулар төрт рет (Тайсойған ауылдық округінде – ағымдағы жылғы 19 маусым, Миялы ауылдық округінде – 20 маусым, Мұқыр ауылдық округінде – 24 маусым және 4 қазан) өткізілді. Оған 400-ден астам жергілікті тұрғын мен қоғамдық белсенділер қатысты. Сонымен қатар биыл 25 шілдеде өңірдің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері мен облыстық мәслихат депутаттарының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 

- Қоршаған ортаға әсер етудің перспективалары туралы есеп облыстық Экология департаментінің Сараптамалық кеңесінде де тыңдалды. Қоғамдық тыңдаулардың, дөңгелек үстелдің және есепті тыңдаудың қорытындысы бойынша осы жобаны қолдау туралы шешім қабылданды. Осы жылғы 14 және 19 тамызда геологиялық барлау жобалары бойынша оң қорытындылар ұсынылып, 13 қарашада уәкілетті орган іздеу ұңғымаларын бұрғылауға экологиялық рұқсат берді, - деді Олжас Бектенов жауабында.

Бүгін, 14:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.