Атырау, 17 желтоқсан 16:43
 бұлттыВ Атырау +1
$ 522.49
€ 547.88
₽ 5.06

Ресейге қашқан Асадтың мәлімдемесі жарияланды

114 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Сирияның бұрынғы президенті Башар Асадтың Ресейге қашып кеткеннен кейінгі алғашқы мәлімдемесі жарияланды. Мәлімдеме оның telegram-арнасында ағылшын және араб тілінде жазылған, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Мәлімдемеде Асадтың 8 желтоқсан күні таңға дейін Дамаскіде қалғаны, исламшыл күштер қалаға жақын қалғанда Асадтың Ресейдің Хмеймим әуе базасына барғаны айтылған. 8 желтоқсан кешке ол жерден Мәскеуге ұшып кеткен. Асадтың хабарлауынша, Мәскеу Сирияның экс-президентіне Ресейге жедел аттануды ұсынған.

Мәлімдемесінде Асад Сирияда үкіметке қарсы топтар Дамаскіге беттеп келе жатқанда қызметтен кету және елден қашу мәселесін қарастырмағанын айтқан.

"Мемлекет террористер қолына түскенде, кез келген қызметтің мәні болмайды, бұл оның ісін мағынасыз етеді", – деді Асад. Ол Сирия "қайтадан еркін және тәуелсіз болады" деп үміттенетінін айтқан.

Мәлімдеме 16 желтоқсанда Мәскеуде жарияланған деп көрсетілген.

Ресейдің Башар Асадты Сириядан қашуға көндіргенін өткен аптада Bloomberg агенттігі дереккөздеріне сүйеніп хабарлаған. Олардың ақпаратынша, Асад Сириядан дереу кетуге келіскеннен кейін елден шығуды 8 желтоқсанға қараған түні Ресейдің арнайы қызметі ұйымдастырған. Сол күні кешке Ресей билігі Асад пен оның отбасы Ресейден пана алғанын мәлімдеді.

Ресей Сириядағы азамат соғысына Асад жағында араласты, Сирияда Ресейдің әскери базалары орналасқан. Ресей президенті Владимир Путин әзірге Асад режимі құлағанына байланысты пікір білдірген жоқ. АҚШ президенті Джо Байден бұған Иран мен Ресейдің әлсірегені әсер еткен болуы мүмкін деді.

Бүгін, 13:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.