Мәскеуде Ресей қарулы күштерінің генерал-лейтенантын біреулер жарып жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BBC-ге сілтеме жасап.
Сейсенбі күні таңертең Мәскеудегі тұрғын үйдің жанында жарылыс болып, Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлерінің бастығы Игорь Кириллов пен оның көмекшісі қаза тапты. Ресейдің тергеу комитеті растағандай, 17 желтоқсанда қаладағы Рязань даңғылындағы тұрғын үйдің жанында тұрған самокатқа жарылғыш зат қойылған.
54 жастағы Кириллов 2017 жылдың сәуірінен бастап радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс күштерін басқарып келген. Ол Тимощенко атындағы радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлері Әскери академиясын бітірген, 2017 жылдан бастап осы академияның басшысы болды.
Кириллов қайтыс болған жерден жарылғыш құрылғының компоненттері жиналған. Құрылғының қуаты шамамен 300 грамм тротил болған. Агенттіктің хабарлауынша, құрылғының қуаты 100 грамнан асады.