Атырауда "Құқықтық тәртіп" жедел профилактикалық іс-шарасы барысында полиция вейп өнімдерін сақтаған және сатқан 19 жастағы қала тұрғынын анықтап ұстады.
Күдіктінің тыйым салынған вейптерді курьерлік қызмет арқылы тапсырыспен жөнелтіп отырғаны анықталды. Тінту кезінде қала аумағындағы дүкендердің бірінде 3000-ға жуық вейптер сақталған қойма анықталды. Тәркіленген тауардың құны 40 млн теңгеден асады.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция аталған тыйым салынған өнімдердің саудасы үшін Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес қатаң жауапкершілік көзделгенін ескертеді.