Атырау, 17 желтоқсан 13:58
 бұлттыВ Атырау +1
$ 522.49
€ 547.88
₽ 5.06

«Атырау-Астрахань» жолының құрылысы аяқталды

155 просмотра

Ең ірі «Атырау-Астрахань» жолының құрылысы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол. 

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар «Атырау – РФ шекарасы (Астраханға) автомобиль жолын қайта жаңарту бойынша негізгі жұмыстардың аяқталғаны туралы хабарлайды. Жол учаскесінің ұзындығы 272 шақырым. Жоба жұмыстары 2018 жылы басталып, Еуропалық қайта құру және даму банкінің несиесі есебінен жүзеге асырылды." - делінген хабарламада. 

Компания өкілдері мәлімдегендей, қайта жаңарту жұмыстарынан кейін жол үшінші техникалық санаттан екінші санатқа ауыстырылды. Әр бағытта ені 3,75 метрден тұратын екі жолақты қозғалысы бар жол салынды. Жоба аясында 6 көпір, 1 жолөтпе, 60 су өткізгіш құбыр мен 10 демалыс алаңдары абаттандырылды. Сондай-ақ 650 жарық тірегі орнатылып, жол пайдаланушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етілді.

"Қайта жаңарту жұмыстары халықаралық стандарттарға сәйкес салынып, жобаны жүзеге асыруға Қазақстан, Италия, Түркия мен Әзербайжан елдерінің компаниялары қатысты. Аталмыш жұмыстарға 650 маман мен 450 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Ақтөбе (Мұғалжар) және Маңғыстау (Шетпе) облыстарынан теміржол арқылы 3,4 млн тонна интертті материал жеткізіліп, жұмыс барысында қолданылды. Инертті материалдарды тасымалдауға 50 мыңға жуық жарты вагон және битум тасымалына 2,5 мың битум тасығыш қажет болды", - деп хабарлады ҚазАвтоЖол.

"Осы уақытта дейін бұл учаске арқылы жол жүру уақыты 5 сағат болса, ал қазір бүкіл маршрутты жүріп өту үшін 2 сағат кетеді. Бұл жоба барысында салынған сапалы жол жабыны мен заманауи инфрақұрылымның нәтижесінде жүзеге асуда", - дейді компания өкілдері.

Компания атап өткендей, Атырау-Астрахань автомобиль жолын қайта жаңарту бойынша жұмыстардың аяқталуы аймақтың көлік инфрақұрылымының дамуына және Қазақстан мен Ресей арасында байланысты күшейтіп, экономиканың дамуына және халықаралық сауданың дамуына септігін тигізбек.

Бүгін, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.