Ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндердің қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңіне Атырау облысынан 21 оқушы қатысқан.
Қорытынды кезеңде үздік нәтиже көрсеткені үшін Атырау облысының командасы «Ең үздік олипиадалық команда – 2024» атағымен 2-орынды жеңіп алды.
Атырау облысы білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарованың айтуынша, облыс намысын қорғаған оқушылардың арасынан 12 оқушы жүлделі орын иеленіп, 3 оқушы арнайы грамотамен марапатталды.
Олимпиада жеңімпаздары:
1-орын: Аманқосова Дана - Жылой ауданы, №4 М. Әуезов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы; Мирманов Нұрхан – Құрманғазы ауданы, Шортанбай орта мектебінің 10-сынып оқушысы; Беркін Тұрсынгүл – Мақат ауданы, Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінің 10-сынып оқушысы;
2-орын:
Саламатова Саяжан – Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің 10-сынып оқушысы; Нуртазаева Зарина – Индер ауданы, Махамбет атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы; Муса Мөлдір - Атырау қаласы, №26 С.Датов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы; Қуат Айзере – Исатай ауданы, Аққыстау орта мектебінің 10-сынып оқушысы; Жәнібекқызы Исламия – Қызылқоға ауданы, Қаракөл орта мектебінің 10-сынып оқушысы; Ізбасар Мейрамбек – Атырау қаласы, Береке орта мектебінің 11-сынып оқушысы; Таскалиева Айнара – Құрманғазы ауданы, М.Ломоносов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы.
3-орын:
Ибат Жарқынай – Индер ауданы, Қ.Абаханов атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы; Жолдас Бекзат – Атырау қаласы, №39 орта мектептің 11-сынып оқушысы иеленді.
Грамоталар: Тасқынбай Нұрилла – Атырау қаласы, №26 С.Датов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы; Қуанова Альмира – Индер ауданы, Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы; Әмір Ақмаржан – Қызылқоға ауданы, Х.Досмұхамедов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы ие болды.
Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ