Атырау, 17 желтоқсан 11:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 522.49
€ 547.88
₽ 5.06

Оңтүстік Кореяның қызметінен уақытша шеттетілген президенті жауап алуға шақырылады

86 просмотра

Корея Республикасының Біріккен тергеу тобы импичмент жарияланған президент Юн Сок Ёлды бүлік шығарды және билікті асыра пайдаланды деген айыппен сәрсенбіде сотқа шақыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazinform Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Бірлескен тергеу тобы президент кеңсесіне Юн Сок Ёлды соғыс жағдайы бойынша істі тергеу аясында 18 желтоқсанда жауап алуға келуін сұрайтын шақыру қағазын жеткізуі тиіс еді.

Топ құрамына жоғары лауазымды тұлғаларға қатысты сыбайлас жемқорлықты тергеу басқармасы, Ұлттық тергеу басқармасы және Қорғаныс министрлігінің тергеу штабы кіріп отыр.

Бұған дейін Оңтүстік Кореяның Ұлттық ассамблеясы өткен аптада әскери жағдай енгізу әрекетіне қатысты Юн Сок Ёл мен жеті шенеунікті тез арада қамауға алуды талап ететін қарар қабылдады. 

Сондай-ақ Оңтүстік Корея парламенті президент Юн Сок Ёльға қатысты айыптауларды тексеру үшін арнайы прокурор тағайындау туралы заң жобасын қабылдады.

Бұған дейін Оңтүстік Корея президентіне сапарға шығуға тыйым салынды. Елден шығуға тыйым салу Юн Сок Ёль жариялаған әскери жағдайға байланысты тергеу амалдары үшін қажет болды. 

Еске сала кетсек, Оңтүстік Кореяның прокуратурасы президентке қарсы мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағып отыр. Оңтүстік Кореяның бұрынғы қорғаныс министрі де мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен қамауға алынды. 

Сонымен қатар, Ұлттық жиналыс пленарлық отырыста Президентке импичмент жариялау туралы ұсынысқа дауыс салды. Биліктегі «Халықтық билік» партиясының (ХБП) үш заң шығарушысынан басқасы импичмент туралы ұсынысқа дауыс беруге бойкот жариялады. 

Бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ён Хен президент Юн Сок Ёлға өткен аптада әскери жағдай енгізу арқылы бүлік шығаруға көмектесті деген айыппен cәрсенбіде ресми түрде қамауға алынды. 

Бүгін, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.