Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Миялы мен Жангелдин ауылдарын жалғайтын көпірдің құрылысын "АтырауИнжСтрой" ЖШС мердігер мекемесі атқарып жатыр.
Компания ұзындығы 54,2 метр көпір тұрғызу үшін әрқайсысының ұзындығы 16 метрден 132 свай қондырды. Жоба аясында салынып жатырған көпірдің тіреулері мен жоғарғы арқалығының құрылысы аяқталды. Қазір бетін бетондау жұмыстары атқарылып жатыр.
Құрылыс 2025 жылы толық аяқталады деп жоспарланған. Ал биылғы жылдың аяғына таман көпірді көлік қозғалысы үшін ашу көзделіп отыр.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА