Атырау, 21 желтоқсан 22:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Құрманғазы ауданына жаңа рейс қатынайды

1 114 рет қаралды

16 желтоқсаннан бастап «Атырау – Құрманғазы - Атырау» бағытында жолаушылар автобусы қатынайды.

Облыстық әкімдіктің тапсырмасына сәйкес Құрманғазы ауданы мен облыс орталығының арасында күн сайын 53 орындық 3 автобус жүреді.

Билет құны – 2000 теңге. Балаларға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 50 пайыз жеңілдік қарастырылған.

- Атырау қаласының автобекетінен автобус 07:00, 12:00, 19:00-де, ал Құрманғазы ауданы Қазақтелеком мекемесінің алдынан 06:00, 11:00, 17:00 –де қозғалады. Жолаушылар тасымалына Akzhayik Avtopark ЖШС жауапты,- деді Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Нұрбол Жампейсов.

Айта кетейік, қоғамдық көліктер Атырау қаласынан 16-желтоқсаннан, ал Құрманғазы ауданынан 17-желтоқсаннан бастап жолаушыларды тасымалдайды. Жолаушылар билетті автобекеттің кассасынан және Atyraubus.kz сайтынан сатып ала алады.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

15 желтоқсан 2024, 00:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.