
Алмалы ауылының тұрғыны орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандарына аққу секілді құстың миграция кезінде қонып, қайта ұша алмай қалғанын хабарлаған.
Шақырту бойынша жедел түрде инспекцияның жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы бөлімінің бас маманы А. Маратұлы, Орман шаруашылығы және ЕҚТА бөлімінің бас маманы С. Мақу және «Ақжайық» МТР орнитолог маманы И.Бофонов барған.
Құс сыбырлақ аққудың жас дарағы екен. Аққудан ешқандай жарақат және басқа да ауру түрі анықталмаған соң, өзінің табиғи ортасына ұшып кетуіне көмектесті, деп хабарлады инспекцияның баспасөз қызметі.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
В Атырау +1